Қазақстанда жауапты хатшылардың мәртебесі күшейтіледі

Қазақстан
485
Қазақстанда әкімшілік қызметтің автономдығын қамтамасыз етудің келесі қадамы жауапты хатшының мәртебесін күшейту болмақ

Қазақстанда әкімшілік қызметтің автономдығын қамтамасыз етудің келесі қадамы жауапты хатшының мәртебесін күшейту болмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Әли Көмекбаев мәлімдеді. 

«Қазақстандағы жауапты хатшылар институты жас, ол 2007 жылы енгізілді, осы күні белгілі нәтижелер бар деп айтуға болады. 2012 жылы жауапты хатшы мен мемлекеттік органның өкілеттігін бөлу жүргізілді. Жауапты хатшының негізгі міндеті аппараттың қызметі мен кәсіби жұмысын ұйымдастыру болды. Бүгінде жауапты хатшы мемлекеттің органның демеуші функциялары, мәселен, бухгалтерия, кадрлық жұмыс, заң қызметін басқаруға жауап береді. Әкімшілік қызметтің автономдығын қамтамасыз етудің келесі қадамы жауапты хатшының мәртебесін күшейту болмақ », - деді Ә.Көмекбаев.

Оның сөзінше, министерлер саяси басшылықты жүзеге асырады, өз саласындағы саясат пен стратегиялық мақсаттарды анықтайды, сондай-ақ, заң жасау жұмысы бойынша Парламентпен қарым-қатынас жасайды.

«Жауапты хатшылардың қызметі бұл мемлекеттік органды әкімшілік басқару, саяси мемлекеттік қызметшілердің шешімін іске асыру. Бұл ретте саяси мемлекеттік қызметшілер ауысса, жауапты хатшылар ауыспайды. Өйткені олар мемлекеттік функциялардың сабақтастығын қамтамасыз ететін болады. Осылайша, бұл іс-шаралар мемлекеттік аппараттың әрі қарай кәсіби тұрғыда дамуын, сабақтастығы мен тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді», - деді Ә.Көмекбаев.

 

ВNews.kz

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить