617

Конституция күні қазақстандықтар үш күн демалады

Бұл жылы мереке жексенбі күнге түскендіктен демалыс ұзартылады
Фотография - Конституция күні қазақстандықтар үш күн демалады

Биылғы жылы Конституция күні қазақстандықтар үш күн демалады, деп хабарлайды Today.kz порталы egov.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл жылы мереке жексенбі күнге келеді, сондықтан демалыс күндеріне тағы бір күн қосылады. Сәйкесінше, 29, 30 және 31 тамыз демалыс күндері. Ал жұмыс күні 1 қыркүек, сейсенбіге келеді.

Конституция күні республиканың барлық облыстары мен қалаларында жалпыхалықтық ойын-сауықтар мен концерттер өтеді.

Загрузка...