Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі жол екі есеге қысқарады

Фотография - Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі жол екі есеге қысқарады

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев қашықтығы 240 шақырымдық Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі төте жол құрылысының жобасын қолдады

130 0

Алматыдан Ыстықкөлге баратын жол екі есеге қысқарады. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев қашықтығы 240 шақырымдық Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі төте жол құрылысының жобасын қолдады. Жоба құрылысы туралы екі ел басшылары қазақ-қырғыз учаскесінде кедендік бақылауды доғару рәсімінен кейін талқылады, деп хабарлайды AlmatyNews АА-нің тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

А.Атамбаев ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс екіжақты ынтымақтастықты одан сайын нығайта түсетініне сенім білдіріп, болашақта бауырлас халықтарымыздың арасында ешқандай шекара болмауы тиістігін атап өтті.

"Ыстықкөл облысының тұрғындары үшін бүгін елеулі күн – Нұрсұлтан Әбішұлы Алматыдан қашықтықты екі есе қысқартатын, мейлінше төте жол салу туралы идеяны қолдады", – деді Қырғызстан Президенті.

Атамбаев құрылыс жұмыстарын бір-екі жылда аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді.

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!