Бүгін еліміздің шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде күн райы құбылмалы болады

Фотография - Бүгін еліміздің шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде күн райы құбылмалы болады

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінің ауа райына ықпалын тигізеді, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел күшейеді

319 0

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінің ауа райына ықпалын тигізеді, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел күшейеді.

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Қарағанды, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!