Қазақстандықтар "Танк биатлоны-2015" байқауының финалына шықты

Фотография - Қазақстандықтар "Танк биатлоны-2015" байқауының финалына шықты

Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждары "Танк биатлоны" байқауының ақтық ойынның төртігіне кірді. "Алабино" полигонындағы жартылай финалдық жарыс екі сайыстан тұрды.

125 0

Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждары "Танк биатлоны" байқауының ақтық ойынның төртігіне кірді. "Алабино" полигонындағы жартылай финалдық жарыс екі сайыстан тұрды. Бірінші "Эстафета" жарысын Қазақстанның танкистері қызыл танкте, ал Үндістандықтар – жасыл, Сербиялықтар – көк танкте және Армениялықтар – сары танкпен бастады. Екінші жарысты Ресей, Қытай, Тәжікстан және Қырғызстанның танкистері сайысқа түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
"Жарыс нәтижелері бойынша Ресейдің, Қытайдың, Қазақстанның және Сербияның танкистері финалға шықты", - деп жарыстың бас қазысы генерал-майор Евгений Поплавский хабарлады. 

"Ресейлік экипаждар эстафетада 73 минут 30 секунд нәтиже көрсетіп бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды 77 минут 32 секунд нәтижемен қытайдың танкистері иеленді, үшінші болып 78 минут 18 секунд нәтижеде жарыс көрсеткен Қазақстанның танк экипаждары және төртінші орынды межелі жерге 83 минут 23 секундта жеткен сербтік әскери қызметшілер еншіледі", - деп атап өтті төрешілер. 

Естеріңізге сала кетсек, эстафетаның ережесіне сәйкес бір танк төрт шақырымды үш мәрте айналып өтеді. Жалпы әр топ сайыс бойынша тоғыз рет айналып өтуі немесе 36 шақырым жасауы тиіс болатын. 

Осы аралықта екі шептік атысты жүргізу қосылған. Бірінші учаскеде оқшашардан танкке қарсы қолдан жасалған гранатамен нысананы көздеді. Онда үш нысанаға да дәл тигізу қажет. Әр мүлт кеткен сәтке жазалау ретінде 500 метр айналып өту жүктеледі. 

"Танк биатлоны" байқауының финалы 15 тамыз күні өтетінін айта кеткен жөн. Жеребелердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкистері төртінші жолда сары танктен бастайтын болады.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!