Қазақстандықтар Меккеге тек Алматыдан ғана ұша алады (Фото)

Фотография - Қазақстандықтар Меккеге тек Алматыдан ғана ұша алады (Фото)

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының қажылық-міндет бойынша өкілдері Сауд Аравия корольдігінің халықаралық авиа-холдингімен осы жылдың қыркүйек айында қазақстандық қажылыққа барушыларды тасу бойынша келісім жасады, деп хабарлайды Today.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

479 0

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының қажылық-міндет бойынша өкілдері Сауд Аравия корольдігінің халықаралық авиа-холдингімен осы жылдың  қыркүйек айында  қазақстандық қажылыққа барушыларды тасу бойынша келісім жасады, деп хабарлайды Today.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
Сауд Арабия Корольдігіне (САК) ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Эр-Рияд қаласында "Нас" холдинг басшысы Ахмет Сұлтан мырзамен кездесті. Басқосуға Қазақстан Елшілігінің жауапты қызметкерлері де қатысты.   
 
Ресми кездесуде ҚМДБ делегациясы мен САК халықаралық әуе холдингі өкілдері 2015 қажылық маусымы кезінде Қазақстан қажыларын тасымалдау мәселесін талқылады. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде делегация жетекшісі Серікбай Ораз бен "Нас" холдинг басшысы Ахмет Сұлтан ортақ келісімге қол қойды.
Келісім құжатында көрсетілгендей, биыл Flaynas халықаралық әуекомпаниясы қазақстандық қажыларды тікелей рейспен қасиетті Мекке қаласына таситын болды. Отандастарымыз сыйымдылығы 375 адамды құрайтын Airbus 330, 300 жолаушыға арналған Boeing 767 және Boeing 757 (210 адам) маркалы ұшақтармен ұшады. Ал Қазақстан тарапынан белгіленген SСAT әуекомпаниясының қажыларды тасымалдауға қатыса алмауына байланысты Flaynas әуекомпаниясы еліміздің қажыларына толықтай қызмет көрсетеді. Қазақстан азаматтарын Жидда бағыты бойынша ұшыру кестесі тек Алматы қаласынан жүзеге асатын болды. Алматы-Жидда бағыты бойынша ұшатын 4 әуекемесі күн сайын 3 рейс орындайды.          
"Бұл шешім – жерлестеріміз үшін үлкен мүмкіндік. Енді Қазақстан қажылары тікелей Мекке маңындағы Жидда қаласына ұшатын болады. Бұған дейін біздің азаматтар орта жолда Анкара, Шарджа, т.б. қалаларда аялдап, әуежайларда өз рейстерін бірнеше сағат бойы күтіп, содан кейін Жидда қаласына жететін. Әуежайда 18 сағатқа дейін күтіп қалған жағдайлар кездесті. Жерлестеріміз бұған дейін Жиддаға жету үшін 12-15 сағатын жолға шығындаса, енді, Алла қаласа, 6 сағаттың көлемінде Жиддаға жетеді. Қажыларымыз уақытын үнемдейді әрі қаржылық шығындарын да азайтады. Бұл – екіжақты келісімнің, ортақ мәміленің жемісі. Біз мұндай жетістікке тұңғыш рет қол жеткізіп отырмыз. Айта кететін жағдай, Flaynas әлемдегі ірі әрі беделді холдинг. Ол күніне 130-дан астам ішкі және халықаралық рейстер бойынша жолаушылар тасымалдайды", – деп мәлімдеді делегация жетекшісі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
Бүгінде Flaynas халықаралық әуекомпаниясы әлемнің көптеген елдерінен қажылар тасымалдайды. Атап айтқанда, Индонезия, Малайзия, Үндістан, Балтық жағалауы елдері, Африка, Орта Азиядан Тәжікістан, Қырғызстан, Қазақстан қажыларына қызмет көрсетеді.
Биылғы қажылық маусымы қыркүйек айының 11-інен басталып, қазан айының 7-інде аяқталады. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары бойынша 17 немесе 21 күн ішінде қажылық парызын өтейді.
Материалдық мүмкіндіктеріне орай, оларға әртүрлі деңгейдегі стандарт пакеттер ұсынылған. Қажылық фирмалардың ұсынған стандарт пакеттегі бір адамға жұмсалатын шығын 3200-3900 долларды құрайды.

 

 

muftyat.kz

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!