ҚР Үкіметі шекаралық аймақтың шектерін белгіледі

Фотография - ҚР Үкіметі шекаралық аймақтың шектерін белгіледі

"Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

192 0

"Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 31 шілде  № 600 Астана, Үкімет Үйі

"Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1."Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 232-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу және жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталған немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін бекіту туралы";

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

"2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 6-тармағына және 55-бабының 4) және 13) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қоса беріліп отырған жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі бекітілсін.";

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесімен толықтырылсын.

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!