Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Бүгін Қазақстан территориясының бүкіл аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерінде жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі.

225 0

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, Жамбыл, Қостанай, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертен кей жерлерінде тұман сақаталады.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, найзағай ойнайды.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөліктерінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөліктерінде, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.                                              

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!