Қазақстан Қытайды етпен қамтамасыз етпек Барлық құқығы қорғалған

Фотография - Қазақстан Қытайды етпен қамтамасыз етпек  Барлық құқығы қорғалған

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Астанада Чаоян қаласының әкімі Юй Яньлян бастаған Қытай кәсіпкерлерін қабылдады.

214 0

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Астанада Чаоян қаласының әкімі Юй Яньлян бастаған Қытай кәсіпкерлерін қабылдады.

Іскерлік кездесудің басты мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту. Кеңейтілген видеоконференцияға еліміздің барлық өңірінен келген Қазақстан бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысты. Кездесуде Қытайға Қазақстаннан ет жеткізу мүмкіндігіне баса назар аударылды.

«Айта кету керек, Қытай Қазақстанның басты стратегиялық әрі сайда серіктесі саналады. қытай экономикасы өз дамуымен әлем экономикасының жандануына үлкен үлес қосып келеді. Біздің еліміздің бизнес-қауымдастығы да Қытаймен ашық диалогқа және өзара ынтымақтасуға дайын», - дейді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мейірбек Мәжитов.

Келіссөздер барысында еліміздің кәсіпкерлері ет өнімдерін тасымалдауға, санитарлық нормалардың сақталуына және етті сақтау жайына баса мән берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер ірі қара мал мен уақ малдың етін экспорттауға дайын екендіктерін жеткізді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректеріне сүйенсек, Қазақстанда жылына 200 мың тонна қой еті өндіріледі және қазір елімізде 18 млн бас уақ мал бар. Сонымен бірге, республикада 6 миллионға тарта сиыр бар, бұл жыл сайын 400 мың тонна ет шығаруға мүмкіндік береді. Осыларды негізге алған қытайлықтар Қазақстанның экологиялық таза өніміне қызығушылық танытып, елімізде өндірілетін кез келген ет өнімін импорттауға дайын екендіктерін мәлім етті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті реттеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен елдің бизнес-қауымдастығын күш біріктіруге шақырды.

 

 

Bnews.kz.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!