"Қазақ хандары жолдарымен" ғылыми экспедициясы барысында Хантауға зерттеу жүргізілді

Фотография - "Қазақ хандары жолдарымен" ғылыми экспедициясы барысында Хантауға зерттеу жүргізілді

"Қазақ хандары жолдарымен» ғылыми экспедициясы барысында Хантауға зерттеу жүргізілді. Бұл жөніндегі ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның "Қазақ хандарының жолдарымен" тақырыбында өткен брифингінде Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған айтты.

2207 0

"Қазақ хандары жолдарымен» ғылыми экспедициясы барысында Хантауға зерттеу жүргізілді. Бұл жөніндегі ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның "Қазақ хандарының жолдарымен" тақырыбында өткен брифингінде Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған айтты.

– Біз Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Қазақ хандарының жолдарымен" ғылыми экспедиция барысында Жамбыл облысындағы Хантауда болдық. Кейбір азаматтар оны бір тау деп ойлауы мүмкін. Шын мəнінде Хантау деген көптеген таулар. Мұхаммед Хайдар-Дулатидің 1460 жылдары Жəнібек пен Керей көшкен кезде Хантауға келді деген жазбалары бар. Соны біз өз көзімізбен көріп, іші-сыртын араладық. Оны өзіміздің арнайы жасаған картамызға еңгізу үшін суретке түсіріп, картаға дайындадық, - деді директор.

Айта кетейік, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяғанның басшылығымен 2015 жылдың 3-10 тамыз аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандары жолдарымен» атты ғылыми экспедиция ұйымдастырылған болатын. Ғылыми экспедиция Ұлытау өңіріндегі Жошы хан, Домбауыл, Алаша хан мазарларынан басталды. Ғылыми экспедицияның құрамында Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Ғ. Аяған, директор орынбасары Р.Ж. Темірғалиев және кіші ғылыми қызметкер А.С. Әбілов болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!