Қазақстан командасы "Достастық жауынгері" байқауында 100 ұпай алда келеді

Фотография - Қазақстан командасы "Достастық жауынгері" байқауында 100 ұпай алда келеді

"Отар" 40-шы әскери базасында достас армиялардың әскери қызметшілері арасында өтіп жатқан әскери-кәсіби шеберлікті айқындайтын "Достастық жауынгері" VII халықаралық байқауының екінші сайыс күні ақталды.

462 0

"Отар" 40-шы әскери базасында достас армиялардың әскери қызметшілері арасында өтіп жатқан әскери-кәсіби шеберлікті айқындайтын "Достастық жауынгері" VII халықаралық байқауының екінші сайыс күні ақталды, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан әскери қызметшілері үш байқау бойынша жарысты. Атап айтсақ, "Атлет" сайысы – 100 метрге жүгіру, ер азаматтар белағашта біріктірілген күштік жаттығуларды, ал қыздар күштік жаттығулар жиынтығын орындау. "Снайпер" жарысы - АК-74 тексеру және қалыпты ұрыс күйіне келтіру, бақылау атыс жаттығуы және әскери-спорттық атыс. "Кәсіпқой" сайысы – АРД кедергі жолағын игеру, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, суық қару лақтыру және нысананы дәлдеу.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінен құралған топ алда келеді. Екінші күні қазақстандық әскери қызметші ер-азаматтар арасында басым түсіп: 1 орынды – 97616 әскери бөлімінің взвод сержанты сержант Орынбек Сандыбеков (153,1) жеңіп алса, екінші орынды– 68665 әскери бөлімінің сержанты аға сержант Рустем Сәтжанов (152,7) алды, үшінші орын – 03811 әскери бөлімінің топ сержанты аға сержант Әміржан Маушевке (145,0) бұйырды. Әскери қызметші қыз-келіншектер арасында 20-дан астам ұпай санымен ҚР ҚК өкілдері алда келеді, атап айтсақ, 85510 әскери бөлімінің экспедиторы кіші сержант Людмила Губарева (147,7) екінші орында – Беларусь Республикасының әскери қызметшісі 97020 әскери бөлімінің далалық байланыс торабы және АБҚ аға радиотелеграфисі ефрейтор Анна Ковалевская (124,3) үшінші орынды – ресейлік – 22277 әскери бөлімінің байланыс взводы радиостанциясының радиотелеграфисті Елена Луткова (108,8) иеленді.

Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орын – 598,5 ұпаймен Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, екінші орын 496,8 ұпай санымен – Беларусь Республикасы, ал үшінші орын – 491,3 ұпай жинаған Ресей Федерациясының еншісінде. Бұдан кейінгі орындарды Қырғызстан (418,3), Армения (377,5) және Тәжікстан (179,6) иеленді.

Бүгін, 19 тамыз күні соңғы "Атлет" – 1 000 және 3 000 метрге жүгіру және "Кавалер/Сударыня" (Қыз/жігіт) әдеби-шығармашылық жарыстары өтеді. Ал ертең, 20 тамыз күні Астана қаласының Бейбітшілік пен келісім сарайында байқау жеңімпаздарын салтанатты наградтау рәсімі мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!