Алдағы тәуліктерде ел аймақтарында күн суытады

Фотография - Алдағы тәуліктерде ел аймақтарында күн суытады

20-22 тамыз аралығында Қазақстандағы ыстық ауа райымен байланыстағы тропосферадағы батыс ағындар солтүстік, солтүстік-батысқа ауысады.

196 0

20-22 тамыз аралығында Қазақстандағы ыстық ауа райымен байланыстағы тропосферадағы батыс ағындар солтүстік, солтүстік-батысқа ауысады.

Солтүстіктегі теңіз аудандарынан келетін салқын және дымқыл ауа Азиядан келетін ыстық және құрғақ ауаны ауыстырады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сондықтан республикамыздың барлық дерлік аумағында жақын арадағы үш тәулікте әр жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, 15-20 м/с ұйтқыма жел соғып, температураның төмендеуі күтілуде.

18 тамызда батыс облыстарды алмағанда, Қазақстандағы температураның ауытқуы нормадан 3-6 º жоғары, ал солтүстік облыстарда 7-12º жоғары болса, 22 тамызда ол нормадан 3-6º төмен болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!