Елбасы: Мұнай бағасы бареліне 30 долларға дағдылану қажет

Фотография - Елбасы: Мұнай бағасы бареліне 30 долларға дағдылану қажет

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөніндегі кеңес өтті.

269 0

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөніндегі кеңес өтті. Шара барысында әлемдік нарықтағы ахуалдың қиындауы жағдайында қазақстандық экономиканың өсімін қамтамасыз ету бағыттары талқыға түсті. Мемлекет басшысы ұзақмерзімді болашақта қазақстандық экономикаға ықпал етуі мүмкін бірқатар теріс факторларды атап көрсетті. 

"Біріншіден, сарапшылардың пікірінше, мұнай мен металдың төмен бағасы 5 жыл бойы сақталуы мүмкін. Екіншіден, дамушы елдердің инвестициялар мен капиталға қолжетімділігінің айтарлықтай шектелуі орын алады. Үшіншіден, біздің негізгі серіктестеріміздің, ең алдымен Ресей мен Қытай тарапынан әлсіз сұраныс салдарынан қазақстандық өнімді өткізу нарығы тарылады", - деді Елбасы.

ҚР Президенті орын алып отырған жағдайда мемлекеттен теңгерімді бюджетті және монетарлық саясатты қамтамасыз ету, сонымен бірге экономикалық өсімді қолдау мақсатында жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру бойынша тиімді алдын алу шараларын жүргізуді талап ететіндігін баса айтты.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!