Қиын күндер алда болуы мүмкін - Мәсімов

Фотография - Қиын күндер алда болуы мүмкін - Мәсімов

Премьердің айтуынша, Ұлттық қордың қаржысы әлі керек болуы мүмкін, сондықтан одан ақша алу жоспарланбаған

311 0

Экономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан ҚР Үкіметі ҚР Ұлттық қорынан қосымша қаржы бөлуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Today.kz ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сілтеме жасай отырып.

"Енді бәрі экономикалық саясатқа байланысты. Егер үкімет пен ұллтық банк ештеме істемей, жағдайды бақылап қана отырып, процестерге араласпаса, қиындықтарды ұллтық қордан ақша бөлу арқылы шешер болса Қазақстанды анық дефолт күтер еді" – деп есептейді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге, премьердің ойынша қазіргі жағдай ең жаманы емес, сондықтан Ұлттық қордағы қаржы әлі керек болады.

"Қиын күндер алда болуы мүмкін. Сондықтан Ұлттық қордағы қосымша қаржыға тиіспейміз. Ұлттық қор әлі керек болады. Біз Ұлттық қордан осы күнгі келісілген қаржыны алумен шектелеміз: ағымдағы бюджет үшін сегіз миллиардқа жуық доллар мен  "Нұрлы Жол" үшін үш миллиардқы жуық доллар. Өзге қандайда бір қордан ақша бөлу болмайды", - деп хабарлады Кәрім Мәсімов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның сөзін қарағанда, 2016 жылы Қазақстан капиталдың сыртқы нарығына шықпайды.

"Бюджет тапшылығы мен сырқы қарыздар жөніне келер болсақ, біз өзіміз үшін бюджет тапшылығын ішкі нарықта немен айналыса алатынымызбен қалыптастырмыз деген шешім қабылдадық. 2016 жылы бюджеттің 1,6 пайызы – біз ішкі нарықтан ала алатынымыз. Біз шығынды азайтып, сырқы нарық капиталына шықпаймыз деген қағидатты шешім қабылдадық. Қолдағы қаражатпен өмір сүреміз", - деді ҚР премьер-министрі.

Мұнай бағасына деген болжамдар туралы сұрақтарға жауап бере отырып, Кәрім Мәсімов үкімет консервативтік пікірде екенін атап өтті.

"Ұлттық қорды пайдалану мен мұнай баррелі бағасына қатысты. Біз 2016-2018 жылдарға барреліне 40 доллар деген болжам жасап, соған жетеміз деп отырмыз. Ираннан санкциялар алынғаннан кейін, мұнай баррелінің бағасы 10 долларға дейін түсуі мүмкін. Сондықтан біз консервативтік сценариді аламыз: келесі жылға орташа баға – барреліне 40 доллар", - деп аяқтады премьер-министр.

Айта кетейік, таяуда ҚР президенті нұрсұлтан Назарбаев үкіметке экономиканы мұнай барреліне 30-40 доллар бағаға икемдеуді тапсырған.

Бүгін ҚР үкіметі теңгенің еркін айналаымына өту туралы шешімін жария етті. ЕДБ валюта курсын қарастырып үлгерді.

Санымен бірге, Ұлттық банк теңгенің айырбас курсы нқалыптастыруға араласпайды, дегенмен, ішкі валюта нарығына қатысу құқығын сақтайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!