ОҚО-да бір тәулікте шекара бұзған 170 адам ұсталды

Фотография - ОҚО-да бір тәулікте шекара бұзған 170 адам ұсталды

Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары өткен тәулік ішінде 170 шекара бұзушыны анықтап, 1 контрабандалық жүкті ұстады

446 0

Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары өткен тәулік ішінде 170 шекара бұзушыны анықтап, 1 контрабандалық жүкті ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

тап айтқанда, отрядтың бақылау-өткізу бекеттерінде көші-қон заңдылығын бұзған 101 Өзбекстан азаматы ұсталды (ҚР болу тәртібін бұзғандар). Барлық заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отряд учкаскесінде жүргізілген арнайы рейдтік іс-шаралар кезінде ҚР көші-қөн заңдылығын бұзған Өзбекстан Республикасының 65 азаматы ұсталды. Ұсталғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қазығұрт» шекара заставасының аумағында қызметтік иттің көмегімен 4 бірдей Өзбекстан азаматы ұсталды, олар біздің елімізден Өзбекстанға жаяу-жалпылап кетпек болған. Мемлекеттік режімді бұзған 4 азамат ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 514-бабының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.

 

baq.kz


Тегтер:

шегара

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!