Дағдарыс барлық бағыттар бойынша таралуда - Назарбаев

Фотография - Дағдарыс барлық бағыттар бойынша таралуда - Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бизнес өкілдерімен кездесу барысында инфляциялық таргеттеу жағдайын енгізу туралы сөз етті.

1344 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бизнес өкілдерімен кездесу барысында инфляциялық таргеттеу жағдайын енгізу туралы сөз етті. Сонымен қоса елбасы әлемдік экономикадағы долларға қатысты ұлттық валюталардың әлсіреуі сияқты бірнеше кері үрдістер жайында айта кетті, деп хабарлайды Today.kz.

"Біз, бүкіләлемдік экономика сияқты қиын кезеңдеміз. Соңғы жылы әлемдік экономиканың айтарлықтай нашарлауы байқалады. Дағдарыс барлық бағыттар бойынша таралуда: шикізаттан кейінгі тауар, валюта, қаржы нарықтары. Дамыған және дамымаған елдерге де жайылуда. Сондықтан бұл дауылдан ешкім сыртқары қала алмайды. Әлемдік банк, Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсуі бойынша болжамдарын тағы да төмендетті – 3,5 пайыздан 2,8 -2,5  пайызға дейін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ҚР негізігі экспортерларымен кездесу барысында.

Оның айтуынша, мұнайға деген әлемдік баға құлдырауда. Осылайша, өткен жылдың маусым айындағы 115 доллардан биыл 48,5 долларға дейін түсті.

"Металлға деген бағалар 2011 жылдан бастап құлдырауда. Металлға деген бағалар көрсеткіші тоннасына 6 300 ден 5 100 долларға дейін түсті. Металл мен мұнайға деген төмен баға алдағы бес жылда да сақталуы мүмкін. Біздің негізгі сауда серіктестеріміз жағынан Қытай мен Ресей - қазақстандық негізгі өнімге сұраныс бірден төмендеді. Бұл үдеріс те қысқа мерзімді емес. Ресей экономикасының құлдырауы екі есеге артты. Қытай экспортының көлемі 8,3 пайызға төмендеді", - дейді Президент.

Оның айтуынша, 2014 жылдан бері доллардың өзге валютаның барлығына қарағанда күшеюі жүруде. Соңғы жылдың өзінде еуро долларға қарағанда – 26 пайызға, жапондық йен – 22 пайызға, автралиялық доллар – 35 пайызға, канадалық доллар – 23 пайызға, норвегиялық крон – 35 пайызға, малазиялық валюта – 30 пайызға, бразилиялық реал – 55 пайызға құлдырады.

Бүгін ҚР үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі теңгенің еркін айналаымына өту туралы шешім шығарған болатын. Бұл туралы ҚР Үкіметінің селекторлы кеңес барысында премьер-министр Кәрім Мәсімов хабарлаған.


Тегтер:

Дағдарыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!