Қалыптасқан жағдайда бізде үш таңдау болды - Назарбаев

Фотография - Қалыптасқан жағдайда бізде үш таңдау болды - Назарбаев

инфляциялық тарегттеуге өту амалсыз шара болды

486 0

Қазақстан президенті нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бизнес өкілдерімен кездесу барысында Үкімет пен Үлттық банкі инфляциялық таргеттеуге өту туралы шешімді неліктен қабылдағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

Елбасының айтуына қарағанда жұмыспен қамту жағдайы, еңбекақы төлеу мен мемлекеттік бюджет жағдайы нашарлауда. 2015 жылы бюджетке төленбей қалу 264 миллиард теңге деп бағалануда.

"Мұның бәрін біз бюджеттің кірісі бойынша және оны құрылыстарға, бағдарламаларға жоспарладық. Сондықтан, бұрынырақ айтқандай мүмкін болған барлық шығындарды, әлеуметтіктерден өзгелерін қысқартуымыз керек болды.

Бұл жағдайда бізде үш таңдау болды. Ештеме істемеу: отыру және бағдар күту, жағдайды білмеу. Бірақ, бұл жол бойынша елдегі өндірісті қысқарту керек болар еді, жұмыс орындарын жоғалту және валютаны шашу, яғни, біздің ұлттық қордағы қаржыны. Бұл бірінші мүмкіндік – алтын қорының құлдыратып, ел жойылуға бағыт алар еді", - деді Назарбаев.

Екіншісі, теңке курсының коридор шегінде ақырындап әлсіреуі. Дәл осы саясатты Ұлттық банк осы уақытқа дейін қолданып келді.

"Сыртқы нарықтағы белгісіздік, нашар жағдайында мұндай шешім де ел ішіндегі алтын қорының үлкен шығынын қажет етеді. Бұл біздің өндірістердің барлығының бәсекеге қабілеттілігін жояды, жалпы үлкен шығынға әкеледі. Сондықтан, лйлана келе, бар мүмкіндікті есептей отырып, теңге курсының еркіндігі, инфляциялық тарегттеуге өту ең дұрыс шешім болып келеді", - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің курсы енді сұраныс пен ұсыныс әсерінен өзгеретінін айта кетті.

"Турасын айту керек, бұл амалсыз шара, басқа альтернативті шешім бізде болған жоқ. Біз өз бағдарламаларымызды өзгеше жоспарладық, алайда, дағдарыс өз дегенін істейді. Біз бұған дайын болуымыз керек және ертерек дайындалық та.

Индустриалдық-инновациялық бағдарлама, шикізатқа тәуелді емес өндірістік кәсіпорындар – бұл мәселеге деген байырғы дайындық. Жақсы жағдайда қаржы жинау, қор құру – бұл да осындай жағдайға дайындық", - деп аяқтады Нұрсұлтан Назарбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!