2016 жылдан бастап Қазақстанда еңбекақы өседі

Фотография - 2016 жылдан бастап Қазақстанда еңбекақы өседі

Сондай-ақ, мемлкет басшысы шұғыл депозиттерді өтеуге тапсырма берді

1127 0

Теңге курсының еркіндікікке жіберуіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкіне жеке тұлғалардың шұғыл депозиттерін өтеу механизімін енгізу мен еңбекақыны көтеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Today.kz.

"Осындай қиын жағдайда біз адамдарды қолдауымыз керек. Сондықтан, әлеуметтік аз қамтамассыз етілген отбасыларды қолдау ұшін біз бірнеше амал жасаймыз. Бірінші: азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу моделін енгіздік, әкімшілік-мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, стипендия мен жәрдемақыны өсіру. Қаражат жетіспегендіктен мемлекет мұны 2017 жылға қалдырған. Қазіргі жағдайда мен үкіметке бір жыл шегеріп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлей бастауды ұсындым. Бұл біздің азаматтар үшін үлкен қолдау болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ҚР негізгі экспартерларымен кездесу барысында.

Сондай-ақ, мемлкет басшысы Ұлттық банкке шұғыл депозиттерді өтеу мехнизімін енгізуді тапсырды.

"Екіншісі: айырбас курсының өзгеруіне байланысты жоғалтуларды төмендету үшін Ұлттық банкке жеке тұлғалардың 2015 жылы 18 тамызда ашылған шұғыл депозиттерді өтеу механизімін енгізуді тапсырамын. Сол бағамды қалдырамыз. Есептегі қалдықтар миллион теңгеге дейін, ертең ешкім айтпасын. Біз бұны неге және кімге істеп жатқанымызды білеміз. Егер азаматтар депозиттерін арнайы шотқа қайта салып, оларды банкте бір жыл бойы сақтаса ескі бағам бойынша бағам айырмашылығы төленеді. Бұл 1,7 миллион адамды немесе барлық депозиттердің 86 пайызын қодауға жәрдем береді", - деп түсіндірді Президент.

Сондай-ақ ол ТҮҚЖБ  (Қазақсатн тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) салымшыларымен мәселені шешуді тапсырды. 

"Пәтерге кредит алу үшін қаржы жинаған ТҮҚЖБ салымшыларымен мәселе бар. Сондықтан, үкімет бұл адамдардың жинағандары жоғалып кетпес үшін бөлек ойлану керек. Қиыншылыққа қарамастан, адамдардың әлеуметтік күйі зардап шекпес үшін бәрін жасаудамыз", - деп аяқтады Президент.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!