Қазақстанның әскери қызметшілері "Достастық жауынгері" байқауында жеңімпаз атанды

Фотография - Қазақстанның әскери қызметшілері "Достастық жауынгері" байқауында жеңімпаз атанды

Жамбыл облысының "Отар" 40-ншы әскери базасында достастық армиялардың әскери қызметшілері арасында өтіп жатқан "Достастық жауынгері" VII халықаралық байқауы өз мәресіне жетті.

270 0

Жамбыл облысының "Отар" 40-ншы әскери базасында достастық армиялардың әскери қызметшілері арасында өтіп жатқан "Достастық жауынгері" VII халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Әскери-кәсіби шеберліктің ерекше байқауы Қазақстанда бірінші рет өтті.

Күннің ыстығы, жарысқа толы бағдарламалар, жеңіске жетіп қуанған сәттер және өткізіп алған минуттарға деген өкініш пен айып ұпайлары артта қалды. "Отар" оқу-жаттығу орталығы бірнеше күн бойы жауынгерлік ептілік пен командалық рухты жай сөзбен емес мықтылықпен, табандылықпен көрсеткен алты елдің әскери қызметшілерінің басы біріккен орынға айналды. Жеңімпаздар мен қатысушылар өздерін 100 пайызға жан-жақты көрсетіп, байқаудың мінсіз ұйымдастырылғаны әскери қызметшілерге өздерін нағыз жауынгер ретінде сезінуге мүмкіндік берді. "Біз түрлі халықаралық деңгейдегі әскери шеберлік сайыстарына қатысып жүрміз. Дегенмен бізді Қазақстанның ерекше қонақжайлылығы таңқалдырды. Ұйымдастырушылар, қазылар алқасы, байқауға қатысушы жауынгерлер өздерінің машықтанған дағдыларын танытуға, өз елдерін лайықты көрсетуге және елін қорғау – бұл құрметті және ардақты борышы екенін дәлелдеуге барыншы ат салысты", - деп байқауға қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Алты елден қатысқан барлық әскери қызметшілер назардан тыс қалмай, барлығы "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" ведомствалық медальдерімен марапатталғандығын айта кеткен жөн.

Бұл орайда, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында халықаралық шараның салтанатты жабылу рәсімі өтті. Онда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қонақтар мен қатысушыларға арналған құттықтау сөзін арналды. «Біз үшін ТМД елдеріндегі жауынгер достарымызды қарсы алу, олармен білімдері мен тәжірибелерін бөлісу, бірлік рухы мен бауырластықты сезіну үлкен құрмет. Бұл байқау –өзара тиімді серіктесті дамыту, сенімділік пен тату көршілік қарым-қатынасын нығайту жолында Елбасының бастамасымен жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан көп жақты және нәтижелі ынтымақтастықтың маңызды бір ғана қыры болып танылады. Әскери ынтымақтастықтың әр түрлі саласы мен құрылымдық ауқымы кеңейіп келеді. Жыл сайын қатармызға жаңа қатысушы елді қабылау көңіл қуантады» - деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.

Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан әскери қызметшілері алты байқау бойынша сайысқа түсті. Атап айтсақ, АРД кедергі жолағын игеру, Ф-1 гранатасын дәл лақтыру және дене даярлығы, АК-74 қалыпты ұрыс күйіне келтіру, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, суық қару лақтыру және нысананы дәлдеу.

Аталған жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері барлығынан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын – Беларусь Республикасына, үшінші орын – Ресей Федерациясының командасына бұйырды. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері түрлі аталымдарда жеңімпаздар атанды. Атап айтқанда, "Эрудит" - кіші сержант Людмила Губарева, "Қыз/жігіт" - аға сержант Рустем Сәтжанов, "Атлет" - сержант Орынбек Сәндібеков, "Мерген" аға сержант Рүстем Сәтжанов, "Үздік жауынгер қыз" - кіші сержант Людмила Губарева, "Кәсіпқой жауынгер" - аға сержант Әміржан Маушев алды. "Достастық жауынгері" бас аталымының жеңімпазы сержант Орынбек Сәндібеков (1орын), аға сержант Рүстем Сәтжанов (2) және аға сержант Әміржан Маушев (3) еншіледі.

Естеріңізге сала кетсек, достастық армиялардың әскери қызметшілері арасындағы жауынгерлік кәсіби шеберлікті айқындайтын "Достастық жауынгері" халықаралық байқауы ТМД елдерінің Қарулы Күштерінің базасында жыл сайын өтеді. Өткен жылдары бұл байқау Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында өткізілді. Биыл жарысқа Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қатысты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!