Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 27%-ға артады - Б.Сапарбаев

Фотография - Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 27%-ға артады - Б.Сапарбаев

Алматыда өтіп жатқан ұстаздардың тамыз кеңесі барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрделі экономикалық ахуал жағдайындағы оқытушылардың материалдық жағдайы жайлы айтты.

239 0

Алматыда өтіп жатқан ұстаздардың тамыз кеңесі барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрделі экономикалық ахуал жағдайындағы оқытушылардың материалдық жағдайы жайлы айтты. 

"Өздеріңіз кеше естігендей, ҚР Мемлекет басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан жалақы деңгейін көтеру туралы айтып жүрген еді. Енді инфляциялық таргеттеуінен соң президент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2016 жылдың қаңтарынан көтеруге тапсырма берді. Жалақы оқытушының біліктілігіне байланысты шамамен 27%-ға артады",- деді Б.Сапарбаев.
Оңтүстік астананың ұстаздар қауымы аталған жаңалықты қуана қабылдады. 

Сондай-ақ, шара барысында премьер-министрдің орынбасары мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы, апатты және үш маусымды мектептердің жою, жаңа балабақша нысандарының құрылысы туралы да тілге тиек етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!