Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды

Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек Қазақстанның оңтүстігінде күн ашық болады, деп хабарлайды

128 0

Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек Қазақстанның оңтүстігінде күн ашық болады, деп хабарлайды

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, демалыс күндері Батыс Сібір мен Оралдың солтүстік аудандарынан ығысқан суық әрі ылғалды ауа республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарына жетті. Соның әсерінен еліміздің басым аумағында жауын жауып, ауа температурасы көп жылдық орташа температурадан 3-6° төмен болады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарында найзағай жарқылдайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Ақтөбе, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан өңірлерінде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында кей жерлерде жел соғып, күндіз найзағай ойнайды. Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан өңірінің басым аумағында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

baq.kz

 


Тегтер:

ауа-райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!