Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен кетті

Фотография - Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен кетті

Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

263 0

Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында хабарлады. 

"Алматы әкімдігіндегі қызметімді тәмамдауды шештім. Біріншіден, бұрынғы әкім Ахметжан Есімовке маған тәжірибе алуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. Жаңа әкім Бауыржан Байбекке де түсіністік пен қолдау білдіргеніне алғысым шексіз. Оған жаңа қызметінде толағай табыстар тілеймін. Бірге жұмыс істеген әріптестер мен қала тұрғындарына көп рахмет", - деді ол парақшасында.

Санжар Боқаев 1982 жылы туылған. Саясаттану мамандығы бойынша PhD докторы, Колумбия университетінде, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде білімін жетілдірген.

Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Саясаттану» пәні бойынша сабақ берген, кафедра доценті қызметін атқарған.

"Нұр Отан" ХДП Алматыдағы бөлімшесі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Кейін қалалық әкімдікте жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың, ішкі саясат басқармасының басшысы болған.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!