Марк Муди Алматыдағы АҚШ мемлекетінің бас консулы болып тағайындалды

Фотография - Марк Муди Алматыдағы АҚШ мемлекетінің бас консулы болып тағайындалды

АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық уәкілдігі Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы ретінде Марк Муди мырза тағайындалғанын хабарлады.

238 0

АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық уәкілдігі Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы ретінде Марк Муди мырза тағайындалғанын хабарлады. Жұмысқа кіріскен жаңа консул екі ел арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында белсенді жұмыс істеуге уәде берді.
"Алматыдағы Бас консулдықтың командасына қосылып, президент Обама және Америка халқының атынан қызмет ету мен үшін үлкен абырой. Алматы және Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақстандық әріптестерімізбен бірге студенттерге жақсы білім алуға көмектесу, экономикалық дамуды қолдау, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мәдени алмасуды ынталандыру секілді барлығымызға ортақ маңызды мәселелер бойынша жұмыс істеуге ынталымыз", - деді Марк Муди. 

Бас консул Қазақстанның ең маңызды ресурстары оның табиғи ресурстары емес, оның адам ресурстары екендігін атап өтті. 

"Қазір қызықты да озық идеялар төңірегінде жұмыс атқарып жүрген динамикалық кәсіпкерлер, ұстаздар, мәдениет қайраткерлері және инноваторлар ұрпағын көріп отырмыз. Бұл тек қана Қазақстанның мәдени және экономикалық астанасы Алматыда ғана емес, бүкіл ел бойынша орын алуда. Алматыдағы АҚШ Бас консулдығында біз қазақстандықтардың осы қызықты тәжірибесіне қолдау көрсеткіміз келеді", - деді дипломат.

Бас консулдың өкілдігіне Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары кіреді.

Марк Муди АҚШ Мемлекеттік департаментінің кәсіби дипломаты ретінде жұмысқа 1995 жылы орналасты. Алматыдағы Бас консулдыққа тағайындалғанына дейін ол 2010-2013 жылдар аралығында Рига, Латвиядағы АҚШ елшілігінде әкімшілік мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметінде еңбек етті. Сонымен қатар Молдавия, Грузия, Хорватия және Габондағы АҚШ дипломатиялық уәкілдіктерінде және Австрияның Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (EҚЫҰ) жанындағы АҚШ дипломатиялық уәкілдіктерінде қызмет етті. Муди мырза Вашингтон қаласындағы Еуропа және Еуразия мәселелері жөніндегі Бюрода жұмыс істеді.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!