Ұлттық академиялық кітапханада "Конституция" залы ашылды (ФОТО)

Фотография - Ұлттық академиялық кітапханада "Конституция" залы ашылды (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы тағы бір танымдық залмен толықты. Ата Заңымыздың мерекесі қарсаңында кітапханада 300-ден астам кітап, фото, кино материалдары қойылған "Конституция" атты арнайы зал ашылды.

348 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы тағы бір танымдық залмен толықты. Ата Заңымыздың мерекесі қарсаңында кітапханада 300-ден астам кітап, фото, кино материалдары қойылған "Конституция" атты арнайы зал ашылды.

Залдың ашылу салтанатына қатысқан ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов залға тарту ретінде қазақтың тұңғыш заңгер ғалымы Тайыр Күлтелеевтің жаңа баспадан шыққан "Қазақтардың қарапайым қылмыстық құқығы" атты кітапты табыс етті. Тайыр Күлтеев ұзақ жылдар көз майын тауысып жазған докторлық диссертациясын аяқтағанымен, оны қорғай алмай, өмірден озған. Дегенмен, бір топ ғалымдар 1955 жылы диссертация материалдарын монография ретінде жарыққа шығарған.

"Конституциялық кеңестің атынан барлықтарыңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын! Бұл күн - мемлекетіміз үшін ең маңызды мейрамдардың бірі. Ал осы күнге орай Ұлттық кітапханада арнайы "Конституция" залының ашылуы сабақтастыққа ие. Конституция күні құр бағдарламамен өткізетін мереке емес, бұл - мағынасын жоғалтпай атап өтуге міндеттейтін мереке. Елеулі күн қарсаңында Ата заңымыздың әр бетін парақтап, өткен мен болашақты салыстыру керек. Себебі, Конституцияның рөлін бір сөзбен, бір айтулы күнмен түсіндіру қиын. Конституция - Қазақстанның берекелі де бейбіт дамуының басты кепілі", - деп атап өтті Игорь Рогов арнайы залды аша отырып.

Жалпы, жаңа залдағы экспонаттар 4 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім қазақ халқының әдет-ғұрпы, сол салт-дәстүрдің астарында жатқан өз ережелері, екінші бөлім - Қазақстан Конституциясының тарихына арналған матералдардан тұрады.

Залдың тағы бір бұрышы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына арналса, шет елдердің Конституциялары туралы тағы бір бөлім бар. Мұнда кез келген оқырманға осы тақырыптар бойынша қызықты әрі сирек кездесетін деректер ұсынылады.

1 2 3 4 5 6 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!