Қазақстанның басым аумағында 25 тамызда жаңбыр жауып, күн күркірейді

Фотография - Қазақстанның басым аумағында 25 тамызда жаңбыр жауып, күн күркірейді

Сейсенбі, 25 тамызда Қазақстанның басым аумағында циклонның әсерінен күн күркіреп найзағай ойнайды, жауын жауады, жел күшейіп, республиканың солтүстік бөлігінде бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде тұман болады.

183 0

Сейсенбі, 25 тамызда Қазақстанның басым аумағында циклонның әсерінен күн күркіреп найзағай ойнайды, жауын жауады, жел күшейіп, республиканың солтүстік бөлігінде бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде тұман болады.  

Қазақстанның батысы мен шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, Ақмола, түнде Ақтөбе облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, түнде тұман, Ақмола облысында күндіз жел  15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Түнде Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, желдің жылдамдығы  15-20 м/с.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде түнде тұман болып, күндіз найзағай ойнайды,  жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде  түнде күрт салқындайды - 1-3 градус.

Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облысының кей аумақтарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында өрт қаупі сақталады.  

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!