Б.Сапарбаев еш жерде есеп бермейтін ректорларды сынға алды

Фотография - Б.Сапарбаев еш жерде есеп бермейтін ректорларды сынға алды

Білім және ғылым министрлігінен еліміздегі ұлттық жоғары оқу орындарының 14 жылғы жұмысы бойынша талдау сұрадым. Осы уақыт ішінде ештеңе өзгермепті, - деп мәлім етті бүгін білім беру жүйесі қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

277 0

"Елімізде ұлттық мәртебеге ие болған  жоғары оқу орындарының алды 14 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір олардың саны - 9. Мен Білім және ғылым министрлігінен осы 14 жылда оқу орындарының атқарған жұмысы қандай деп талдау сұрадым. Бірақ, осы уақыт ішінде ешнәрсе өзгермеген болып шықты. Тіпті кейбір ұлттық жоғары оқу орындары өз көрсеткіштері бойынша елдегі өзге оқу орындарынан аса алмай жатыр",-деген Б.Сапарбаев 14 жыл ішінде ұлттық университеттерді қаржыландыру 14 есеге артқанын алға тартты.

"Осы 14 жылда ұлттық университеттерді қаржыландыру 14 есе өсті, ал өзге қаржы көздерінен тартылған қаражат үш есеге ғана артқан. Олардың негізгі міндеті жақсы мамандар дайындау, өзге оқу орындарына енгізу үшін жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар бюджеттен тыс қосымша қаржы тарту. Аслан Бәкенұлы (Аслан Сәрінжіпов - ҚР Білім және ғылым министрі), осы ұлттық жоғары оқу орындарының қызметі бағаланбаған, ректорлар еш жерде есеп бермейді. Ұлттық оқу орындары болғандықтан, олар қоғам алдында есеп беруі тиіс",-деді осы мәселені қолға алуды тапсыра отырып Б.Сапарбаев.

ҚазАқпарат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!