Қазпошта ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған марка шығарды

Фотография - Қазпошта ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған марка шығарды

Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған марканы пошталық айналымға енгізгені туралы хабарлады.

225 0

Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған марканы пошталық айналымға енгізгені туралы хабарлады.

Марканы бастыру салтанаты Конституциялық Кеңес ғимаратында өтті. Іс-шараға "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов қатысты.

Бұл марка "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясында шығарылған. 4 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі - маркалы парақ. Парақтың өлшемі 130 х 108 мм. Марканың өлшемі  26 х 36 мм. Парақта 8 (сегіз) марка бар. Пошталық марканың номиналы - «А» литерасы (112 теңге) - заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 грамға дейінгі салмақта қарапайым хат жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы - 5 000 дана. Суретші  Қ. Ибрайшин. Пошталық марка "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

Айта кетейік, "Қазпошта"  АҚ - пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы. Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. "Самұрық-Қазына" АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!