ҚР мәдениет және спорт министірлігінің 12 шенді өкілі антикоррупциялық заңнаманы бұзғаны үшін жазаланды

Фотография - ҚР мәдениет және спорт министірлігінің 12 шенді өкілі антикоррупциялық заңнаманы бұзғаны үшін жазаланды

ҚР мемлекеттік қызметжәне коррупцияға қарсы агенттігі Мәдениет және спорт министірлігінде тексеріс жүргізді. Олар бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету және коррупцияға қарсы заңнамасына бірнеше заң бұзушылықтар тапқан, деп хабарлайды Today.kz антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

375 0

ҚР мемлекеттік қызметжәне коррупцияға қарсы агенттігі Мәдениет және спорт министірлігінде тексеріс жүргізді. Олар бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету және коррупцияға қарсы заңнамасына бірнеше заң бұзушылықтар тапқан, деп хабарлайды Today.kz антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Тексеру жұмыстары  дін істер жөніндегі комитетті, спорт және дене шынықтыру істері және де тілдерді дамыту комитеттері қамтылған.
Мысалы, Министірлікте және оның комитеттерінде мемлекеттік қызметтерді мерзімді орындамауы заңбұзушылықтары кездеседі. Таңдалып алынған істердің ішінде-ақ 190 нан астам заң бұзушылық фактілері кездескен. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету үшін, аталған орында керексіз құжаттарды сұраған.
Агенттіктің тағы бір анықтағаны заң бұзушылықтары: мемлекеттік қызметке бос орындарға жұмысқа орналастыру, дайындалу ережелері, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату, ант қабылдау ережелерін
Сонымен, "Министірлікте 2015 жылы конкурс бойынша жұмысқа орналасу үшін 77 кандидатпен сұхбат жүргізілген. Алайда сұхбаттар хаттамаға бекітілмеген. Соған қоса, 37 үміткермен жүргізілген сұхбаттың аудио жазбалары жоқ болып шыққан,  ал үміткерлерге қойылатын сұрақтар бір келкі емес әр адамға әр түрлі бекітілген ережеге сәйкес жүргізілмеген.
Сондай-ақ, тексеріс барысында антикоррупциялық тәуекелдік сараптамалар жүргізілген. Сараптама барысында, 10-нан аса мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жасырын түрде жасалғаны анықталған.
"Осы аталған заң бұзушылықтар үшін ҚР мәдениет және спорт министірлігінің 12 шенді өкілі жазаланды", - делінген хабарламада.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!