Б.Сапарбаев Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындыққа жоғары баға берді (ФОТО)

Фотография - Б.Сапарбаев Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындыққа жоғары баға берді (ФОТО)

Бүгін Жамбыл облысында жұмыс сапармен болған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Тараз қаласында аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дайындық барысына жоғары баға берді.

284 0

Бүгін Жамбыл облысында жұмыс сапармен болған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Тараз қаласында аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дайындық барысына жоғары баға берді. 

Бірінші құрылысы бітуге жақындаған Әулие-Ата халықаралық әуежайындағы жұмыс барысымен танысқаннан соң вице-премьер «Қазақ хандығы» деп аталатын ұзындығы 30 метрлік монумент құрылыс алаңын көрді. Сонымен қатар, Тәуке хан көшесіндегі көпірдің жаңғыртылуын, Тұңғыш Президент паркі мен Қарахан кесенесі маңындағы скверлердің жай-күйін тексерді.

Бердібек Сапарбаев бұдан бөлек, сметалық құны 526,3 млн теңге болған облыстық драма театрдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Премьер-Министрдің орынбасары бүгінгі таңда Үкіметте Тараздағы құрылыс жұмыстары мерзімінде бітетініне күман бар екенін айта келе, Астанаға барғаннан кейін барлығының күмәнын сейілтетінін жеткізді.

Бұл - Б.Сапарбаевтың Жамбыл облысына мерейтойға дайындық барысын тексеруге келген үшінші сапары. Вице-премьер негізінен құрылыс жұмыстарының сапасын, қаржыландыруды, артық ысырапқа жол берілмей, мақсат етілген міндеттердің мерзімінде орындалуын өз бақылауына алған.

1 

2 

3 

4 

5 

6 

8  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!