Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Фотография - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қала әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы №1264 өкімімен Шәменов Асылбек Өмірбекұлы Қызылорда қаласы әкімі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

164 0

Қала әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы №1264 өкімімен Шәменов Асылбек Өмірбекұлы Қызылорда қаласы әкімі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы 8 шілдеде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 

1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "халықаралық туризм",  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2004 жылы «мұнай және газ кеніштерін игеру» және 2014 жылы "техника және технология" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы "Қызылорда интеграция" ЖШС-інде менеджер қызметінен бастаған.

2000-2006 жылдары "Жібек жолы" компаниясында туризм менеджері, Қызылорда қаласында салынып жатқан газбен жабдықтау нысандары дирекциясының жетекші инженері; 2006-2009 жылдары Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде жетекші маман, бас маман; 2009-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы; 2012-2015 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!