Мемлекетік қызметкерлерге талап қатты болғанымен жалақысы сай емес

Фотография - Мемлекетік қызметкерлерге талап қатты болғанымен жалақысы сай емес

Мемлекетік қызметкерлерге деген талап қатты болғанымен олардың айлық жалақысы бұл талапқа сәйкес емес

138 0

Мемлекетік қызметкерлерге деген талап қатты болғанымен олардың айлық жалақысы бұл талапқа сәйкес емес. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы директорының орынбасары Бақытгүл Ешмұратова айтты.

"Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес талаптар жазылған. Онда мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары, міндеттері, талаптары көрсетілген", - дейді Бақытгүл Ешмұратова.

Маманның айтуынша, мемлекеттік қызметкер бірінші кезекте патриот болуы керек.

"Мәселен, мен бізге оқуға келгендерге, 25 адам отырса, «Сіздердің барлықтарыңыз мемлекеттік қызметке сай келмейсіздер» деймін. Өйткені, араларында қызметке әншейін келгендер болады. Қызметші осы жұмысқа келерден алдын көп ойлануы керек. Мемлекеттік қызметке қаншалықты сәйкес екенін таразылауы қажет. Егер ұстанымдары сәйкес келсе ғана бұл қызметке орналасуы тиіс", - дейді орталық директорының орынбасары.

Бақытгүл Ешмұратова «мемлекетік қызметкерлерге деген талап қатты болғанымен олардың айлық жалақысы бұл талапқа сай емес. Бірақ, әкімшілік реформа, оған қоса, алдағы жылы мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң шығайын деп отыр. Сонымен қатар, 100 нақты қадамның бірі осы мемлекеттік қызметшінің жалақысын көтеру. Елбасы бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Жыл сайын 10-15 пайыз көтеріліп отырды. Бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын» - дейді.

 

 

Bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!