Романовская турфирмамен арадағы жанжалда қорғаныс позициясын ұстануда

Фотография - Романовская турфирмамен арадағы жанжалда қорғаныс позициясын ұстануда

Депутат бұзылған демалысы үшін туристтік фирма басшысын әлі сотқа бермейтінін айтты

150 0

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская Түркиядағы демалысынан Қазақстанға оралды. Today.kz тілшісімен болған әңгімеде ол бұзылған демалысы үшін туристтік фирма басшысын әлі сотқа бермейтінін айтты.

"Егер мен сотқа арыз берсем, мен ұтатыным анық. Ол (турфирма басшысы – автор ескертпесі) менің және баламның паспорттық мәліметтерін келісімнің шарттарына енгізуге құқы жоқ. Егер ол өзінікін дұрыс десе, мені сотқа берсін. Мен әрине, өзімді қорғаймын", - деді Светлана Романовская.

Естеріңізге салайық, тамыз айында Ғаламторда турфирма бастығы мен ҚР Парламен Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская арасында болған даулы аудиожазба "Депутат парламента Казахстана отматерил предпринимателя" деген атпен Ғаламторға тарап кеткен болатын, онда депутат турфирма ұсынған қызметке разы еместігін жеткізеді.

Кейін, турфирма басшысы Нұркебаева клиент алдындағы барлық келісім міндеттері толық орындалғанын айтып берген.

Мұның алдында Светлана Романовская Түркиядан келе сала туркомпанияны сотқа беретінін, өйткені олардың көрсеткен қызметтері нашар деген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!