Биыл мектептерде 436 000 бала тегін ыстық тамақпен қамтылады

Фотография - Биыл мектептерде 436 000 бала тегін ыстық тамақпен қамтылады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

238 0

Жаңа 2015/2016 жылғы оқу жылында мектептерде 436 000 бала тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

Биылғы жылы 1 қыркүйекте еліміздегі 7500 мектепке 2 600 000 бала барады. Оның ішінде 1 сынып оқушыларының саны – 340 000. Жалпы биылғы жылы 157 мектепті іске қосу жоспарланып отыр. Осы қарқынды жалғастыратын болсақ, жыл соңына дейін үш ауысымды мектептердің мәселесін шешіп қаламыз. Жоспар бойынша желтоқсан айында үш ауысымды мектептерден республика бойынша тек 81-і қалады. Апатты жағдайдағы 136 мектеп 66-ға дейін азаяды. Бұл мәселе 2018 жылы толығымен шешіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары 250 мектепте жүргізілді. Биылғы жөндеу жұмыстары 5000 мектепті қамтыды», - дейді Аслан Сәрінжіпов.

Министрдің айтуынша қазіргі кезде жаңа білім беру стандартына байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Алдағы оқу жылының негізгі мақсаттарының бірі мектеп және мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту. Бұл – Тамыз конференциясында талқыланған басты мәселенің бірі болды. 1 қыркүйекке дейін жаңа білім беру стандартын сынақтан өткізу үшін 30 пилоттық мектеп анықталды. 60 мыңнан астам педагог біліктілік курсынан өтті", - дейді министр.

Айта кетейік, министр келесі оқу жылында 2 500 000 балаға мектепте ыстық тамақ беру жоспарланып отырғанын жеткізді. Ал биыл тегін тамақпен 436 000 бала қамтылады.

 

 

Bnews.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!