Қазақстан мен МАГАТЭ аз байытылған уран банкін құру келісіміне қол қойды

Фотография - Қазақстан мен МАГАТЭ аз байытылған уран банкін құру келісіміне қол қойды

Қазақстан атынан келісімге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ атынан ұйымның бас директоры қол қойды

295 0

27 тамызда Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық атом энергиясының агенттігі (МАГАТЭ) арасында Қазақстан аумағында аз байытылған уран банкін құру бойынша қол қою салтанаты өтті.

Шараға БҰҰ Қаіпсіздік кеңесіне үнемі қатысушы елдер өкілдері, соның ішінде Қытай, Ресей, АҚШ және Франция, сондай-ақ, ЕО жобасының донор елдері, Норвегия, Кувейт, БАӘ өкілдері қатысты. Қазақстан атынан келісімге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ атынан ұйымның бас директоры Юкия Амано қол қойды.

Ыдырысов келісімге келуші жақтардың келіссөз жүргізуші командаларының ең қиын мәселелер бойынша өзара тиімді шешімге келуге мүмкіндік берген жоғары кәсібилігін, олардың дипломатиялық және техникалық дағдылығын атап өтті. Сондай-ақ, кей мәселелерді қайта қарауға тура келгенін, өйткені мұндай шаралар Қазақстанның да, МАГАТЭ тәжірибесінде болмағанын айтты.

Қол қоюшы жақтар келісім пакетіне қол қойылғаннан кейін, жобаның екінші фазасы басталатынына келісті. Яғни, оның жүзеге асуы. Екі жақ жобаның маңыздылығын түсініп, формализм мен бюракратикалық процедуралар кесірінен жұмыстың тоқтап қалуына жол бермеуге келісті. 

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы банкті құрудағы Қазақстан үшін маңызды екі аспектті атады: атом электростанцияларының тоқтаусыз қызметін қолдау керек болған жағдайда МАГАТЭ-ге мүше елдерді ядролық отынмен кепілді қамтамассыз ету және ядролық заттарды таратпау режимін күшейту.

Өз кезегінде МАГАТЭ басшысы банкті құру Қазақстан үшін және халықаралық қауымдастық үшін де маңызды екенін айтты. Ю. Амано банкті құруда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті.

Министр Қазақстан тарапынан банк қажеттілігі үшін қазақстандық уранды нарықтық бағада жеткізіп тұру мүмкіндігін талқылауға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол Қазақстан медециналық изотоптарды өндіру бойынша отандық технологияны дамытуға және Семейдегі бұрынғы сынақ полигонын тазалау мен қалыпқа келтіру бойынша қолдау көретініне сенім білдірді.

Қазақстан 1994 жылы 14 ақпанда МАГАТЭ мүшелігіне кірген.

МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкін құру әлемде аналогы жоқ бірегей халықаралық жоба болып келеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!