Шымкент әкімі: Прокурорлар мектепте не тексереді? (бейне)

Фотография - Шымкент әкімі: Прокурорлар мектепте не тексереді? (бейне)

Абдрахимов мектептегі жиі тексерулерге наразы

447 0

"Прокурорлар мектепте не тексереді?",- деді Шымкент әкімі Ғабидулла Абдрахимов қалалық әкімдіктің кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды Today.kz тілшісі және қадағалаушы органдар өкілдеріне орта оқу орындарынан алыста қылмыспен күресуге кеңес берді.

Қалалық білім басқармасы жетекшісінің таусылмайтын прокурорлық тексерулер оқу үдерісіне кедергі келтіреді деген шағымына қала басшысы осылай деді.

"Шынымен тексеру өте көп, оны тоқтату керек. Мұнда бізде прокурор бар ма? Шақыру керек еді. мен прокурормен сөйлесем. Прокурорлар мектепте түк бітірмейді деп ойлаймын. Прокурорлар қылмыскерлермен айналыссын. Сондықтан біз бұған нүкте қойуымыз керек, мен мұнымен жеке айналысамын!"- деді Абдрахимов отырғандарға. Әкімнің айтқаны залдың қошеметін тудырды.

Ал прокуратурада берілген мекемелердегі қадағалау ҚР Конституциясының 86 бабына сәйкес үнемі түрде жүретінін түсіндірді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!