Назарбаев Қазақстандағы автократия жайындағы жазғырулар жайында айтып берді

Фотография - Назарбаев Қазақстандағы автократия жайындағы жазғырулар жайында айтып берді

Президент "демократия – бұл бүкіл адамзат дамуының даңғыл жолы" деп есептейді

642 0

"Конституция: бірлік, тұрақтылық, даму" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ашу барысында Елбасы қазақстандықтардың діни мәдени көзқарастары ерекше екендігін атап өтті, деп хабарлайды Today.kz.

"Бізді автократия бар деп жазғыратынын білемін. Егер халық әрбір 4-5 жыл сайын халық жалпы дауыс беру кезінде өз президентін таңдаса, өз парламентін еркін альтернативті сайлау арқылы таңдаса, қандай автократия туралы айтуға болады? Бізге, батыс елдеріндегідей демакратия жолымен тезірек алға жылжу керек дейді", -дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР президентінің айтуынша, демократия – бұл бүкіл адамзат дамуының даңғыл жолы. Бірақ, Қазақстанда діни мәдени көзқарасының ерекшелігінен, демократияны дамыту жолында азаматтар аса абай болуы керек.

"Мен біздің достарға азиялық қоғамның жүйесіне, тарихына, мәдениетіне, дәстүріне тереңірек үңілуге кеңес берер ем. Егер біздің мемлекет құрудағы амалдарымыз асығыс саяси абстрактілі кестелер арқылы жүрсе, біз баяғыда құрдымға кетер едік. Біз оны жақын көршілерімізден көзбе көз көріп отырмыз. Және мұндай қателіктер апатқа апарар еді",- деп атап өтті Елбасы.


Тегтер:

назарбаев

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!