А.Мұхамедиұлы бірқатар азаматтарға "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" төсбелгісін тапсырды

Фотография - А.Мұхамедиұлы бірқатар азаматтарға "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" төсбелгісін тапсырды

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет, спорт және дін саласындағы еңбегі үздік қызметкерлерін "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медалімен марапаттады.

372 0

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет, спорт және дін саласындағы еңбегі үздік қызметкерлерін "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медалімен марапаттады. 

"1995 жылы қабылданған Ата заңымыз өз өміршеңдігін дәлелдеді, ел тағдырындағы тұғыры биік құжатқа айналды. Конституция - Қазақстандағы тұрақтылық пен бірліктің кепілі. Бұл күн әрбір азамат құрметтеугі міндетті мереке", - деді салтанатты жиынды аша отырып А.Мұхамедиұлы. 

Министр атап өткендей, "100 нақты қадам - Ұлт жоспарын" жүзеге асыруда мәдениет, спорт пен дін саласына артылатын жүк салмақты.

"Бұл ретте министрліктің басым жұмысы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталады", - деді А.Мұхамедиұлы. 

Салтанатты шара барысында миниистр мәдениет саласының үздіктері Н.Дәуешев, А.Әлібек, Б.Аюханов, Е.Біләлов, Б.Нүсіпжановтарға, сондай-ақ спорт және дін саласының бірқатар үздіктеріне "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медальдарын табыс етті.

"Отанымыздың гүлдену жолына сарп еткен қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын. Конституциямызды қастерлеп, тыныштығымыз бен бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтайық", - деді әріптестерін келе жатқан Ата Заң күнімен құттықтаған министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!