1 қыркүек қарсаңында Қазақстанда гүл бағасы 30 пайызға өсті (сурет)

Фотография - 1 қыркүек қарсаңында Қазақстанда гүл бағасы 30 пайызға өсті (сурет)

Теңгенің еркін бағамына байланысты гүлдің бағасы өсуде

942 0

Қазақстандағы гүл салондары Білім күніне қарсы сатып алушылардың үлен ағымына дайындалуда. Today.kz тілшілері Қазақстанның әр аймағындағы гүл шоғырының орташа бағысын анықтап, шолу жасады.

Астанада Білім күні қарсаңында ең өтімді гүлдер хризантема мен гладиолустар. Бір гүл шоғырының орташа құны 2 000-2 500 теңге.

"Ата-аналар мен оның балалары гүлдерді 1 қыркүйек қарсаңында ала бастайды. Негізінен хризонтемалар алады, өйткені олар ұзақ сақталады, өзге гүлдерге қарағанда. Ал гладиолустар Білім күінінің дәстүрлі гүлдері ", - дейді гүл салонының сатушысы Мира.

Алматыда сатушылар сөзінше ең өтімді тауар – лилиялар мен хризантемалар. 1 500 теңгеге үш гүлден бір шоғыр жасауға болады. Теңге бағамына байланысты Алматының гүл салондарында баға көтерілген.

"Гүл бағасы өсті: біз оларды Голандиядан, Колумбиядан, Эквадордан аламыз, ал ол жақта сауда доллармен. Бір розаның құны көтерме саудада 500 теңге, біз оған 200-300 теңге қосамыз, сонымен қымбаттырақ болады, оның үстіне рәсімдеу бар. Кейінгі кезде сатыпалушылар жергілікті раушандарды жақсы алады, олар кішірек бір данасы 250 теңге тұрады", - дейді гүлсатушы Юлия.

 

Гүл бағасы Шымкентте де өскен. Сатушылардың айтуынша,  ең танымал гүл қатарларындағы хризантеманың бюджеттік құны 500 теңге болса, Білім күні олар 700-800 теңгеге өседі.

Павлодарда да жаңа баға бойынша гүлдердің алғашқы партиясы келді. Гүл сатушылардың сөзінше, жаңа тауар 30 пайызға өскен. Орташа, бір гүл шоғырының құны 1500-ден 2 500 теңгеге дейін.

"Бағаларды жеткізушілер көтереді, бұл жолы олар бір дана үшін орташа 70-100 теңгеге өсті. Біз сатушы ретінде бағаны ұстап қалуға тырысамыз. Хризантемаларға мен бағаны көтермедім, алып келген баға өссе де. Кез келген мерекеде гүлдер қымбаттайды", - дейді гүл дүкенінің иесі Маргарита Леонова.

Қарағандылықтар болса гүл бағасы оларда сол күйде қалатынын айтады. Сатып алушылар жақсы гүл шоғырын 1 500-2 000 мыңға ала алады. Қарағандылықтар жиі алатын гүлдер хризантема мен гладиолустар.

Қазақстандықтар жұмсақ ойыншықтардан құралған, тірі гүлдерден кем емес ерекше гүл шоғырын жиі алатын болған. Мұндай ерекше сыйлықты 2 000-2 500 теңгеге алуға болады.


Тегтер:

гүл бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!