Таразда Ата Заңға арналған ғылыми конференция өтті

Фотография - Таразда Ата Заңға арналған ғылыми конференция өтті

220 0

"Ұлтаралық татулықтың алтын діңгегі". Таразда осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткен жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, сот, прокуратура және әділет органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұстаздар қатысты, деп хабарлады ТарМПИ баспасөз қызметі.

 Алқалы саяси жиынға қатысушылар алдымен көрмеге қойылған ТарМПИ студенттерінің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Конференция басында аталған оқу орнының проректоры Орынқыз Жолдасова сөз сөйлеп, Ата Заңның айшықты қағидаттарына назар аударып, тоқталып өтті. 
Тарих ғылымдарының кандидаты Зағира Тоқбергенова "Бастауы кең Ата Заң" тақырыбында баяндама жасады. Ол мемлекет саясатының түп қазығы Конституция екеніне назар аудара келіп, оның елімізде қалыптасу жолдарын саралай әңгімеледі.
Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың емен ұстыны, теңдессіз тартуы, берік тұғыры – Ата Заң турасында байырғы ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлжәмила Жолдасова, "Жаңару" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қасымхан Төлендиев толымды пікрілер айтып, ата-бабалар армандаған азаттықты айқындайтын, тәуелсіз елдікті танытатын, әрі бүгінде дербес мемлекет екендігімізді көрсететін қастерлі құжаттың маңызын аша түсті. 
Конференция барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарындағы белсенділіктері үшін бір топ қызметкерлерге Алғыс хаттар тапсырылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!