1 қарашадан бастап елiмiзде қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады

Фотография - 1 қарашадан бастап елiмiзде қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады

Бұл жөнiнде ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетi төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлiмдедi.

272 0

2015 жылдың 1 қарашасынан бастап елiмiзде 15-19 жас аралығындағы азаматтарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргiзiледi. Бұл жөнiнде ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетi төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлiмдедi.

«Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының дерегiне сүйенсек, қазiргi таңда әлемде қызылша эпидемиологиясы өршіп тұр. Еуропа өңiрiнде 2011 жылдан бастап 150 мыңнан астам қызылша ауруы тiркелген, ал өткен жылы бұл көрсеткiш 16 мыңға жеткен. Сонымен қатар, қызылша ауруымен АҚШ-та – 1,5 мың, Ресей Федерациясында – 3 мыңнан астам, Қырғызстан Республикасында – 22 мың адам тіркелген. Барлық елдердi жалпы алғанда, қызылшамен ауырған 300-ден астам адам көз жұмған. Ал, Қазақстанда жыл басынан бері 2283 науқас тiркелген. Оның біреуі қаза болған. Қосымша иммундаудан өтпеген жасөспiрiм маусым айында көз жұмды», - дейдi Ж.Бекшин.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, осы иммундаудың арқасында елiмiзде гепатит ауруы жалпы 34 есе, балалар арасында 262 есе, паратит ауруы 19 есе, қызамық ауруы 56 есе азайды.

«Биылғы жылы қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстарын жалғастыру туралы қаулы бектiлдi. Осы қаулыға сәйкес дайындық жұмыстары жүргiзiлiп, насихаттау жұмыстары аяқталды және осы жұмысты жүргiзетiн медицина қызметкерлерi оқудан өтті. Мамыр айында Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүргізілді, жаз айларында ата-аналар мен балалар демалыста болды, қыркүйек айында тағы бiр вакциналау жүргiзілетiндiктен бiз 1 қазанды ыңғайлы уақыт деп белгiледiк», - деп қорытты ол.

 

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!