Саят Шаяхметовты кепілге босатты

Фотография - Саят Шаяхметовты кепілге босатты

ҚР БҒМ бұрынғы вице-министрінің ісін тергеу барысы жайында Астана прокуратурасы айтып берді

143 0

Астана қаласының прокуратурасы бұрынғы ҚР білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтың ісін тергеу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"ҚР жемқорлықа қарсы агенттігі Шаяхметов Саят Болатұлы мен Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы нысанды салуға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі өндірісі тергеліп жатқанын хабарлаймыз. Қазіргі кезде Шаяхметов Саят Болатұлы қылмыстық іс бойынша күдікті дәрежесінде, оған қатысты "кепіл" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жауап берді Астаналық қадағалау органынан.

"Қазіргі кезде қылмыстық қудалау органымен қылмыстық процесстің әрбір қатысушысының ісіне құқықтық баға беру қарастырылған қорытынды процессуалдық шешім шығару үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізуде" деп хабарланды.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың сәуір айында Шаяхметовке Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру мекемесін салуда қызметтік уәкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңге. Шаяхметовтен өзге "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандарының дирекциясы" ЖШС директоры  Александр Пак, "ЗАК Сервис" ЖШС бұрынғы бас директоры Роман Киреев және "ЗАК Сервис" серіктестігінің тағы бір бас директоры Алексей Тутубалин айыпталуда.

2014 жылдың қазан айында апелляциялық сот бұрынғы ҚР білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтың қылмыстық ісін қосымша тергеуге қайтарған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!