Ата Заңның өзінің жоғары мәртебесі бар - сенатор Бектас Бекназаров

Фотография - Ата Заңның өзінің жоғары мәртебесі бар - сенатор Бектас Бекназаров

Қазақстан Конституциясының әлеуеті өте зор. Бұл туралы Ата Заңымыздың 20 жылдығына орай сенатор Бектас Бекназаров мәлім етті.

183 0

Қазақстан Конституциясының әлеуеті өте зор. Бұл туралы Ата Заңымыздың 20 жылдығына орай сенатор Бектас Бекназаров  мәлім етті.

"Биыл Қазақстан халқы Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтуде. Осы 20 жылдың ішіндегі тарихымызға зер салатын болсақ, 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған қазіргі Ата Заңымыз барлық мәселелерді ескеріп, биліктің үш тармағына, яғни атқарушы билік, заң шығарушы билік және сот билігінің әрқайсысының қызметін анықтап, бекітті. Конституциямыздың біздегі мемлекеттік басқару институтын, қоғамдағы тұрақтылықты, сондай-ақ жалпы мемлекет ретінде қалыптасуымыздың барлық алғышарттарын дұрыс айқындауы арқасында Қазақстан өркендеудің даңғыл жолында",-деді депутат. 

Осы аптада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткенін еске салып өткен сенатор, "яғни осы шарадағы көтерілген ең басты тақырып - ол бірлік, тұрақтылық және өркендеу. Қазақта : "Бетеге кетсе бел қалады, бектер кетсе ел қалады, берекең кетсе нең қалады?!" деген сөз бар. Біздің халық осыны ұмытпау керек. Қазіргі бірлік пен тұрақтылық еліміздің берекесі. Осы берекені қалыптастырып отырған, мемлекеттік институттардың бәрін әрқайсысын жүйе-жүйемен бекітіп отырған, әр азамат өзінің еркін, құқығы мен бостандығын, өрлеуін сезініп отырған жағдайды біздің қазіргі Ата Заңымыз қалыптастыруда.  Басқа заңдардың барлығы Конституциямыздан бастау алады және әлеуеті өте зор. Алдыңғы қатарлы дамыған құқықтық әлеуметтік мемлекеттердің Конституцияларымен салыстырғанда орны ерекше биік, өзінің жоғары мәртебесі бар",-деді Б. Бекназаров.

Депутат барша Қазақстан халқын Ата Заң күнімен құттықтап, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы баянды болуын тіледі. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!