Талдықорғанда Конституцияның 20 жылдығы ауқымды шаралармен басталды

Фотография - Талдықорғанда Конституцияның 20 жылдығы ауқымды шаралармен басталды

Конституцияның 20 жылдық мерекесі Жетісу жерінде де ауқымды шаралармен аталып өтуде. Оның бірқатары Алматы облысының орталығы Талдықорғанда жалғасып жатыр

109 0

 

Конституцияның 20 жылдық мерекесі Жетісу жерінде де ауқымды шаралармен аталып өтуде. Оның бірқатары Алматы облысының орталығы Талдықорғанда жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz .

 Бүгін - үлкен мереке. Талдықорғандағы жиын жастар мен студенттердің салтанатты шеруінен басталды. Оларды орталық алаңға жиналған мыңдаған адам күтіп алды. Ата Заң – Қазақ елінің алтын арқауы, берік діңгегі. Конституция – демократиялық дамудың негізі, кемелдіктің кепілі. Оны қастерлеу – елдік пен егемендікті құрметтеу, тәуелсіздікті мақтан ету. Жүректі кернеген осындай қуанышты сезімдер мен тарихи жағдайлар театрландырылған көріністерде шынайы бейнеленді. Мұнан кейін мерекелік концерт болды. Отан, туған жер, достық пен ынтымақ жайындағы саяси әндер шырқалды. Ал өңірдің танымал азаматтары жұртшылықты ортақ қуанышпен құттықтап, Ата Заң аясындағы тату тіршілікті, қол жеткен орасан табыстарды тілге тиек етті. Бүгін – ел өміріндегі ерекше күн. Сондықтан барша қазақстандықтар оны ыстық ықыласпен атап өтуде. Талдықорғандағы мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады. Соңы үлкен концерт пен от шашуға ұласады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!