Союз ТМА-18М ғарыш кемесі Байқоңырдағы ұшу аймағына жеткізілді (ФОТО)

Фотография - Союз ТМА-18М ғарыш кемесі Байқоңырдағы ұшу аймағына жеткізілді (ФОТО)

Халықаралық ғарыш стансасына құрамында қазақстандық Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен бар экипиаж аттанады.

396 0

Халықаралық ғарыш стансасына құрамында қазақстандық Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен бар экипиаж аттанады.

Қазіргі таңда жұлдызды қалашық мамандары жұмыс қарқынын үдеткен. Күні кеше олар ғарыш кемесін құрастырып, бақылау жүйесін тексеріп шықты. Ал бүгін "Гагариндік" ұшырылым алаңында соңғы дайындық жұмыстары пысықталып жатыр.

Айта кетейік, "Союз" кемесі қыркүйектің 2-сі күні көкке көтеріледі. Бұл туралы "Прогресс" қозғалтқыш қондырғыларын бақылау мекемесінің бас маманы Ришат Латыпов мәлімдеп отыр. Бұған дейін "Союз" кемесі халықаралық ғарыш стансасына 6 сағатта жететіні айтылған еді. Кейін орбитадағы өзгертулерге сәйкес, ғарышқа жету уақыты 2 тәулікке дейін ұзартылатын болды.

Естеріңізде болса, қазақстандық ұшқыш Талғат Мұсабаев 2001 жылы ғарышта болған еді. Араға 14 жыл салып, Айдын Айымбетов үшінші отандасымыз ретінде осынау ұзақ сапарға аттанғалы тұр. Ол халықаралық ғарыш стансасында 10 күн бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ал ресейлік Сергей Волков орбитада жарты жыл уақытын өткізеді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!