Бүгін Парламенттің V сессиясы жұмысын бастайды

Фотография - Бүгін Парламенттің V сессиясы жұмысын бастайды

Бір айдан бері өңірлерді аралаған депутаттар халықтың жағдайын көріп, аймақтардың тыныс тіршілігімен танысып келді.

76 0

Бір айдан бері өңірлерді аралаған депутаттар халықтың жағдайын көріп, аймақтардың тыныс тіршілігімен танысып келді.

Қазір V сессияның алғашқы бірлескен отырысы есігін ашады. Парламенттегі ахуал мен халық қалаулыларының көңіл-күйі жайлы айтсақ.

 Отырыс бір сағаттан кейін басталады. Қазір көптен бері жүздеспеген əріптестер қал-жағдай сұрасып емен жарқын əңгімелесуде. Біз депутаттармен алдын ала сұхбаттасып та үлгердік. Бір айтарым, биылғы сессия депутаттық сауалдардың санымен ерекшеленетін түрі бар. Аймақтарды аралаған Парламент мүшелері Үкіметке жаңа ұсыныстарын даярлап қойғандарын айтады. Ал өткен IV сессияның қорытындысын еске түсірер болсақ, жұмыс нәтижесі айтарлықтай. Сессия шеңберінде палаталардың төрт бірлескен отырысы өтіп, 190 заң жобасы талқыланды. Оның 113-і қолдау тапты. Ел есінде қалған заң жобаларының бірі бұл жол ережелеріне еңгізілген өзгерістер болатын. Жəне мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты қабылданған құжат та бұқараның кең талқысына түсті. Vсессия да табысты болады деген сенім бар. Ал біздің арнамыз əдеттегі дәстүрмен парламенттің əр отырысынан тікелей қосылуларын жалғастыратын болады.

 

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!