Израильдің Қазақстандағы жаңа Елшісі тағайындалды

Фотография - Израильдің Қазақстандағы жаңа Елшісі тағайындалды

Израильдің Қазақстандағы Елшісін тағайындау туралы шешім қабылданды. Эли Тисманның орнына жұмысқа қызмет тізімі бай, Ресей және Ұлыбританияда көп тәжірибе алған Михаил Бродский келді.

134 0

Израильдің Қазақстандағы Елшісін тағайындау туралы шешім қабылданды. Эли Тисманның орнына жұмысқа қызмет тізімі бай, Ресей және Ұлыбританияда көп тәжірибе алған Михаил Бродский келді.

Соңғы уақытта ол СІМ-нің "Еуразия 2" департаментінде кеңесші қызметін атқарды.

IzRus порталының хабарлауынша, М.Бродский көп жерде қызмет атқарған. 1972 жылы Ленинград қаласында дүниеге келіп, 1990 жылы репатриацияланған. Мамандығы бойынша саясаттанушы Бродский СІМ-ге қызметке 2001 жылы келді. Бірінші жылы ол бұл ведомствоның баспасөз хатшысы болған. 2003-2008 жылдары Мәскеу Елшілігінде бастапқыда баспасөз хатшысы болып, кейін саяси кеңесші қызметін атқарды. Содан кейін дипломатиялық ведомствоның экономика департаментіне ауыстырылды. Ал 2009 жылы Израильдің Лондондағы Елшілігі жанындағы түсіндіру жұмысы бойынша атташе қызметіне тағайындалған. 

 

 

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!