Айымбетов ғарышқа жұмсақ ойыншық ала кетеді

Фотография - Айымбетов ғарышқа жұмсақ ойыншық ала кетеді

Оны ғарышкерге қызы сыйлаған

145 0

Қазақстандық ғарыщкер Айдын Айымбетов ХҒС-на ұшатын кезде өзіменбірге жұмсақ ойыншық ала кетеді, деп хабарлйды Today.kz.

"Біздің ұшуымыз айтулы уақытта өтуде – Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауда. Сондықтан мен бортқа ту ала барамын. Сондай-ақ, таяуда Қазақстан Конституцияның 20 жылдығын тойлады. Өзіммен бірге қызым сыйлаған жұмсақ ойыншықты аламын", - деп бөлісті Айдын Айымбетов экипажбен өткен баспасөз мәслихаты кезінде.

Естеріңізге салайық, жақында Байқоңырда "Союз ФГ"– "Союз ТМА-18М" ҒМЗ ұшу кешеніне әкелінген және зымыранды ұшыру жағдайына қойылған болатын.

Кеменің ұшырылуы 2 қыркүекке белгіленген. Кеменің экипажы құрмында: қазақстандық Айдын Айымбетов, даттық Андреас Моргенсен және ресейлік ғарышкер Сергей Волков. Дат ғарышкері Айдын Айымбетовпен бірге орбитада 10 күн болады. Ұшырылу Гагарин алаңынан Астана уақыты бойынша 10: 34- белгіленген. Бұл алаңнан ұшырылу да мерейтойлы екенін айта кету керек, бұл есеп бойынша 500 ұшырылым болмақ.


Тегтер:

Айымбетов

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!