Айымбетов "Союз ТМА-М" ТБК экипажының екінші бортинженері болып бекітілді

Фотография - Айымбетов  "Союз ТМА-М" ТБК экипажының екінші бортинженері болып бекітілді

Байқоңырда "Союз ТМА-М" ТБК экипажының құрамы бекітілді

121 0

Байқоңырда "Союз ТМА-М" ТБК экипажының құрамын бекіту бойынша мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Союз ТМА-М" ТБК командирі, ХҒС-45/46 бортинженері болып ресейлік Серегй Волков бекітілді. Ол кемеде 188 тәулік өткізеді. Ғарышкер екі рет ұшқандығын айта кетейік. Бортинженер қызметіне Андреас Могенсен бекітілді(ЕКА, Дания). Екінші бортинженер қазақстандық Айдын Айымбетов болады.

ХҒС қайталама экипажы ресейлік Олег Скрипочка және Сергей Прокопьев, сондай-ақ, француздық ғарышкер Тома Песке. Қосымша экипажда ғарышқа ұшу тәжірибесі Олег

Естеріңізге салайық, бүгін Байқоңырда "Союз ФГ"– "Союз ТМА-18М" ҒМЗ ұшу кешеніне әкелінген және зымыранды ұшыру жағдайына қойылды. Космодромда Today.kz тілшісі Айдын Айымбетовтың жақындарымен тілдесе алды. Ол ғарышкердің ұшу алдындағы дайындықтың қиындықтары жайлы айтып берді.

Кеменің ұшырылуы 2 қыркүекке белгіленген. Кеменің экипажы құрмында: қазақстандық Айдын Айымбетов, даттық Андреас Моргенсен және ресейлік ғарышкер Сергей Волков. Дат ғарышкері Айдын Айымбетовпен бірге орбитада 10 күн болады. Ұшырылу Гагарин алаңынан Астана уақыты бойынша 10: 34- белгіленген. Бұл алаңнан ұшырылу да мерейтойлы екенін айта кету керек, бұл есеп бойынша 500 ұшырылым болмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!