Н.Назарбаев: Біз үшін Қытай - осынау қиын кезеңдегі зор сүйеніш

Фотография - Н.Назарбаев: Біз үшін Қытай - осынау қиын кезеңдегі зор сүйеніш

Мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы және жаһандық экономика өсімінің қарқыны баяулаған жағдайында Қытаймен ынтымақтастық Қазақстан үшін зор мәнге ие.

405 0

Мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы және жаһандық экономика өсімінің қарқыны баяулаған жағдайында Қытаймен ынтымақтастық Қазақстан үшін зор мәнге ие.  Бұл туралы бүгін Қытайдың іскер және қаржылық топтары өкілдерімен жұмыс бабындағы таңертеңгі астан кейін қазақстандық журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Бұл сапар біздің Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығымыздың маңызды, қуатты екінші кезеңі ретінде үлкен мәнге ие. Әлемде дағдарыс жүріп, әлемдік қаржы институттарының қаржылық мүмкіншіліктері тарыла түскен сәтте біздер үшін Қытай - осы күрделі дағдарыс жағдайынан шығудың зор жолы, зор сүйеніші", - деді Мемлекет басшысы.

"Біз қазіргі уақытта біздің экспорттық өнімдеріміздің, әсіресе мұнайдың бағасының төмендеуінен зардап шегудеміз. Бүгін 53 доллар болды. Бағасының өсуі қуантады. Бірақ, мұның барлығы құбылмалы. Әрине, бұл біздің бюджет түсімдерімізді қатты қысқартып жіберді. Екіншіден, Ресей мен Еуропа арасындағы санкция да өз ықпалын тигізбей қоймады. Ресей біздер үшін - үлкен нарық. Бізге тікелей әсер етпейді, бірақ, біз зардап шегудеміз және біздің теңгеге қатысты шарамыз барлығымыз үшін қажетті қорғаныс шарасы болды. Менің ойымша, халық мұны дұрыс түсінді және мен сол үшін ризашылық танытамын", - деп қосты Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, осы жолғы ҚХР-ға сапары барысында 45 жобаның 23 млрд. долларды құрайтын 25-іне қол қойылатын болады.

"Мәселен, қазір біз Павлодарда 250 мың тонна металл алюминий жасаймыз, оған тағы 150 мың тонна қосылатын болды. Қостанай облысындағы Атбасар кен орнындағы ірі металлургиялық зауыт, Маңғыстау облысында мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт, мүлдем жаңа қазақстандық бренд - Қостанай, Шығыс Қазақстан автомобильдері", - деп атап өтті ірі жобаларды ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер глисофаттың жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын атап өтті. "Бізде болған емес, сырттан әкелетінбіз. Енді мұндай химиялық тыңайтқыш шығаратын зауытты Оңтүстік Қазақстанда саламыз", - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.

Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді.

Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!