Н.Назарбаев оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Фотография - Н.Назарбаев оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Президентінің Бейжіңдегі резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушыларын, студенттер мен олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

282 0

Бүгін ҚР Президентінің Бейжіңдегі резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушыларын, студенттер мен олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгін – білім күні, 1 қыркүйек. Мен біздің барлық оқушыларымыз бен студенттерімізді, олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтаймын. Бүгін 7,5 мың мектеп оқушыларға есігін айқара ашады. Ең қызығы, 300 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бір жылда мұнша бала алғаш рет 1-сыныптың табалдырығын аттағалы отыр. Осы жылдар ішінде, өздеріңіз білесіздер, біз мектептердің құрылысы қарқынды түрде жүргізіп отырдық, бала бақшалар ашылды, өйткені олар – біздің болашағымыз. Бүгін 1-сыныпқа барған бала 2050 жылы Қазақстан экономикасының барлық саласында еңбек ететін болады, міне, сондықтан да біз оларды оқытып-тоқытамыз, мәселенің мәнісі осында жатыр", - деді Елбасы.
"Мен ата-аналар балаларына білім беру жолында ештеңені де аямайтынын білемін. Бұл өте дұрыс. Барлықтарыңызды Білім күнімен құттықтаймын. Мен биылғы жылы әрбір бірінші сынып оқушысына біздің отанымыз – Қазақстан туралы кітап сыйға тарттым. Олардың қуанышында шек жоқ деп ойлаймын", - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бірінші сынып оқушыларына биыл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы сыйға тартылды.

"Менің Отаным – Қазақстан" кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Балдырғандарға арналған кітапта Отанымыз туралы ең қызықты деректер жеңіл әрі ұғынықты тілмен баяндалған. Бұл оқулықтан еліміздің елордасы Астана туралы, Алматы мен 14 облыс жөнінде қысқаша ақпарат табуға болады.
"Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен бірге сен де өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!", - делінген Елбасының бірінші сынып оқушыларына арнаған жолдауында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!